“Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды?
Алексей Цойға қандай ескерту айтылды?
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан накты сандарды айтуын сұрап, есепті вакцинаның екі компоненті егілген адамдар саны бойынша ғана жүргізуді ескертті, - деп хабарлайды Bilim.all ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәжіліс отырысында Нұрлан Нығматуллин Алексей Цойға журналистермен кездескенде нақты жауап беруін сұрады.
"Журналистермен кездескенде халыққа нақты сандарды айтыңыз. Әйтпесе бұл эквилибристика бәрін шатастырды. Сіз қазір 21 күн дедіңіз. Орынбасарларыңыздың бірі 90 күн дейді. Қазір 45 күнге дейін деп отырсыз. Бәрін шатастырдыңыз! Біз халықаралық стандарт аясында жылжып келеміз. Сіздердің дипломдарыңызға қараса, барлығы денсаулық сақтау саласында ұйымдастырушы, тағы бір нәрсе....
