Ол бізді рухани кемелдендіріп қана қоймай, әлемді танып білуімізге, өткен тарихымызды қайта жаңғыртуға, ең бастысы саналы ұрпақ тәрбиелеуде алар орны ерекше. Бұл сөздерімізге халқымыздың біртуар жазушысы Ғабит Мүсіреповтің мына салиқалы сөздері дәлел: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік». Күнделікті уақытын кітап оқуға арнаған бала ешқашан ұтылмақ емес, керісінше ойлау көкжиегі кешегіден гөрі кеңейіп, сөз байлығы күн санап арта берері рас. Мектеп қабырғасында білім алатын оқушылардың күн сайын кітапханаға барып, кезекке тұруы, кітаптарды бірінен соң бірі қызығып оқуы көз қуантатын көрініс. Алайда, кейбір балалардың кітапқа ынтасы болмай, бос уақытының...