"Ана тілі - ұлт газеті"
«Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!»
Халық болып қалыптаспақ үшін ең алдымен, халықтың өзі, шежірелік тарихы бар орнықты - аумақты жері, ұстанатын діні, ым – ишара жасасып, адам арасын өзара байланыстырар аса қадірлі, тәуелсіз, егеменді ұлттың ТІЛІ қажет. Иә, тілді қастерлеуіміздің себебі мол – ақ, оны кеңейтіп, насихаттаудың маңызын әрбір қазақтың санасы мен жүрегінің төрінде соғып тұрған ұлтжандылық сипаттағы дыбыстық үндеуі бары сенім туғызады.
Халықтан «ұлт газеті» деп атау алудың өзі басылымның дәрежесінің көрсеткіші, халықтың мархабатына бөленгенінің белгісі болып табылады, бұл – ұлт газетінің жалпы сипатын аңғартып тұрғандай.
«Жазайын деп жазбайсың», «Тұлға – тағдыр», «Тәуелсіздік...