Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2021

Лукашенко наразылықты әскери техникамен басуға рұқсат берді

0
Беларусь басшысы Александр Лукашенко наразылықты әскери және арнайы техниканың көмегімен басуға рұқсат беретін заңға қол қойды. 


Құжат әскери техника немесе қару пайдаланған құқық қорғау орган өкілдерін ұстау кезінде келтірген шығыны үшін жауапқа тартпауға мүмкіндік береді. Тек ұстау "заңнама талаптарына сәйкес жүруі" тиіс. 


Енді бұдан былай милиция қызметкерлері азаматтарға өздерінің әрекетін суретке түсіруге немесе видеоға түсіруге тыйым сала алады. 



Беларусьте жаппай наразылық былтыр тамыз айындағы президент сайлауынан кейін басталған. Орталық сайлау комиссиясы Александр Лукашенконы жеңімпаз ретінде таныған. Сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтқан наразылар оның отставкасы мен жаңа сайлау өткізуді талап еткен. Олар билікті оппозиция митингісіне қатысқандарға күш қолданды деп те айыптады. 
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылықты басу кезінде кемінде 8 адам қаза болған, 30 мыңнан астам белорус қудалауға ұшырады. Билік оппоненттерінің үстінен мыңға тарта қылмыстық іс қозғады, ондаған адам ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды. 




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Мэдисон Киз

Тренер Абашкин заявил, что Киз заслужила победу над Соболенко в финале АО-2025






Основы духовно-нравственной культуры народов РФ вернут в школы в 2026 году

Горожанам расскажут о правилах возведения некапитальных объектов

Система теплоснабжения в Москве работает на минимуме из-за потепления

Девочка погибла, выпав из окна пятого этажа в Москве