Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2021

СҚО-ның бірнеше ауданындағы шаңды дауыл жұрттың үрейін қашырды

0
Солтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл тұрып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 33 метрге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апат бүгін бірден бірнеше ауданда - Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында тіркелді. Жергілікті тұрғындар бұл құбылысты видеоға түсіріп алған. Оның кадрларында шаң ондаған метрге көтеріліп, жолдар көрінбей қалған.

Синоптиктер Тайынша метеостанциясында желдің екпіні секундына 33 метр болып тіркелгенін (бұл апат гидрометеорологиялық құбылыс), ал Чкалово ауылындағы метеостанцияда екпіні секундына 28 метрге жеткенін хабарлады.


"Қазір өңірге солтүстік-шығыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсер етіп жатыр. Суық және жылы атмосфералық фронттардың түйіскен жерінде қатты жел мен шаңды дауыл пайда болды. Дауылдың пайда болуына жауын-шашынның жоғы да әсер етті", - деп атап өтті "Қазгидромет" РМК өкілдері. ​

Синоптиктер алдағы уақытта қатты жел туралы аймақ тұрғындарына ескерту жасап, ауа райының қолайсыздығына байланысты жариялады.


Сонымен қатар, облыстық ТЖД мәліметінше, Чермошнянка ауылында қатты желдің салдарынан әкімдік ғимараты шатырының бір бөлігі қираған, ал Леонидовка ауылында орта мектеп ғимаратының да шатыры қираған. Талшық, Алқатерек және Восход ауылдарындағы бірнеше ғимараттың шатыры қираған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Комиссия құрылды.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

«Это было тяжело принять». Арина Соболенко сделала новое признание






В Подмосковье сотрудники Росгвардии приняли участие в сборе гуманитарной помощи для юных жителей ЛНР

Для столичной молодежи подготовили серию патриотических мероприятий

8 марта в Москве будет непривычно тепло - синоптики

Сергунина сообщила о запуске в Москве Единого центра биометрических испытаний