НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде Швейцария Президенті Ги Пармеланмен келіссөз өткізді. Екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.