EURO-2020: Дания-Финляндия матчінде тосын оқиға болды
![EURO-2020: Дания-Финляндия матчінде тосын оқиға болды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_323471/thumb_b/photo_82982.jpeg)
Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксен EURO-2021 турнирінің топтық кезеңіндегі Финляндияға қарсы матчте есінен танып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ойынның 42-минутында Эриксен құлап қалды. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін футболшыны алаңнан алып кетті.
Матч уақытша тоқтатылды. Кейін Желіде Эриксеннің ес жиғаны түсірілген сурет пайда болды.
Эриксен покидал поле в сознании. Надеемся, что с ним всё хорошо!Игрок сборной Дании упал на поле во время матча Евро-2020. Его увезли на скорой, а игру остановили pic.twitter.com/cjfMtVYmmN
— Лента.ру (@lentaruofficial) June 12, 2021
Артынша, желі қолданушылары футболшыны жедел жәрдем көлігі стадионнан алып бара жатқан кезінің видеосын жариялады.
pic.twitter.com/OE22e059ny
— Drafts 3.7 (@3Drafts) June 12, 2021
Көп ұзамай УЕФА футболшының жағдайы тұрақталғанын хабарлады.
"EURO-да Финляндия құрамасына қарсы матчта есінен танып қалған Эриксен ауруханада, оның жағдайы тұрақталды", - делінген хабарламада.
Матч ертеңге сағат 12.00-ге ауысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!