Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2021

Еуроодақ Путинмен саммит өткізу идеясын қолдамады

0
Еуроодақ жетекшілері Ресеймен саммит өткізу туралы идеяны қолдамады. Бұған дейін мұндай ұсынысты Германия мен Франция жасаған. 


Ресей басшысы Владимир Путинмен тіке келіссөз жүргізу идеясына одақтың оннан астам мүшесі қарсы болды. Идеяны қолдамағандардың басым бөлігі –  Шығыс және Орталық Еуропа елдері. Литва президенті Гитанас Науседа Брюссельдегі саммиттің алғашқы күні аяқталған кезде Владимир Путинмен кездесу жайлы сөз қозғау әзірге ерте, себебі Ресей әрекетінен ірі өзгеріс байқалмайды, ал Мәскеумен қарым-қатынас барған сайын нашарлап барады деді. Оның сөзінен BBC агенттігі үзінді келтірді. 


Bloomberg агенттігі Еуроодақ саммиті кезінде көптеген ел басшысы идеяны құптамады немесе "соңғы сәтте" талқылануын құп көрмеді деп жазды.


Бейсенбі күні Брюссельде саммит басталған кезде Германия канцлері Ангела Меркель Еуроодақ елдерін Ресей басшысымен тіке келіссөз жүргізуге шақырған. Көбі мұндай ұсынысты күтпеген. Оның идеясын Франция президенті Эммануэль Макрон қолдаған.


Жұмаға қараған түні Меркель тараптардың келісімге келгенін растады. "Жеке өз басым қандай да бір батыл қадам болғанын қалағанмын, бірақ мұның өзі де жаман емес, әрі қарай да жұмыс істей береміз" деді Меркель. Оның сөзіне қарағанда, ЕО Ресеймен диалог орнатудың түрлі мүмкіндіктерін қарастырады. 


Еуроодақ жетекшілері одақ мүддесіне сәйкес келетін мәселелер бойынша Мәскеумен өзара қарым-қатынас орнату қажеттігін атап өткен. Мұндай мәселелер арасында денсаулық сақтау саласы, климат, экология, сыртқы саясат мәселелері, оның ішінде Сирия, Ливия, Иран мәселесі де бар. 


Еуроодақ жетекшілері сонымен бірге Еурокомиссия мен Еуродақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельге Ресейдегі азаматтық қоғамға қолдау көрсету және Ресей тарабынан келуі мүмкін ықтимал зиянды әрекеттермен күрес бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырған.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Рыбакина выдала тяжелый матч за полуфинал турнира в Абу-Даби






Жители Самары ежемесячно тратят около 12 тыс. рублей на онлайн-покупки

ВС России поразили инфраструктуру военных аэродромов ВСУ

Утверждено обвинительное заключение по делу блогера Шабутдинова

Посол Волынкин: Россия уважает внешнеполитический курс Туркменистана