«Мәдениеттану» терминін алғаш рет американдық антрополог Лесли Уайт ұсынған болатын. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Мәдениеттану дегеніміз адамдардың рухани мәдениеті мен қоғамның өзара әрекеттесу тенденциялары туралы ғылым және оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. Мәдениеттану мамандығы оқу үрдісіне 1994 жылдан бастап енді.Қазіргі таңда Мәдениеттану мамандығының Қазақстан Республикасы бойынша рөлі өсіп, маңызды мамандықтардың біріне айналып келе жатыр. Мәдениеттану мамандығының көптеген ерекшеліктері бар, соның ішінде оның бірнеше саланы қамтитыны. Мәдениеттанушылар Тарих, Филология, Этнография, Философия, Дінтану, салаларын жақсы біледі, сондықтан кең ауқымды гуманитарлық мамандар болып табылады. Бұл мамандықтың иесілері ешқашан жұмыссыз қалмайды деп есептеймін. Өйткені Мәдениеттанушылар...