Қазақстандықтардың 79,4 пайызы Ата заңға енгізілетін өзгертулерді қолдады - Exit poll
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 79,4 пайызы Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгертулерді қолдап дауыс берді. Бұл жайында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Татьяна Башарина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.