НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қарулы күштері 2030 жылға дейін жаңа, күрделі жөнделген және жаңғыртылған қорғаныс өнеркәсібі кешенімен қайта жарақтандырылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.