Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2022

Ыстықкөлде екі қазақстандық жол апатынан қаза тапты

0

Ыстықкөлдегі демалыстан қайтып келе жатқан екі қазақстандық жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасы баспасөз қызметі мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 тамызда сағат 15.20 шамасында Шырпықты және Тору-Айгыр ауылдары арасында болған.

"Балықшы - Ананьево - Қаракөл тасжолында Opel Zafira көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің дөңгелегі жарылған. Салдарынан 1982 және 1966 жылы туған жолаушылар оқиға орнында қаза болды. Ал жүргізуші мен 2001 жылы туған егіз түрлі жарақатпен Балықшы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жүргізуші есін жимастан, ауруханада қаза болды.

"Қазақстандықтар Қара-Балта қаласындағы туыстарына келген, сол жерден үш көлікпен Ыстықкөл облысына демалуға кеткен. Қайтар жолда үш көлік те колоннамен жүріп, ортасында Opel Zafira болған. Апат салдарынан көлік аударылып қалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек Ыстықкөл ауданы ішкі істер органдарына тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Янчук: Рублев хочет все выиграть, но он немного перегорает, перенапрягает себя изнутри






В МЧС Прикамья посоветовали не выходить на лёд в весеннее время

Стала известна сумма штрафа Артемию Лебедеву за осквернение религиозных символов

Сарик Андреасян обиделся на голову лошади и потребовал ответных извинений от студентов

Пожар в Новой Москве: локализовано возгорание на 500 кв. м, спасено 7 человек