Си Цзиньпин Қытай компартиясының бас хатшысы болып үшінші мерзімге сайланды
Съезд сонымен бірге партия орталық комитетінің жаңа құрамын бекітті. Тізімге саяси бюроның тұрақты комитетінің жеті мүшесінің төртеуі енбей қалды. Арасында премьер-министр Ли Кэцян да бар. 22 қазанда Си Цзиньпин сөйлемей тұрып Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао залдан шығарылған. Кейбір сарапшылар Ху Цзиньтаоның ұсталуы мүмкін екенін болжаған. Ресми Пекиннің түсіндіруінше, "партияның бұрынғы басшысы өзін нашар сезініп, көмекшілері залдан шығуға көмектескен".
Екі сағатқа созылған баяндамасында Си Цзиньпин Қытайдың 2035 жылға дейінгі даму жоспарына тоқталды. Ол экономика, білім саласын дамыту, өнеркәсіпті модернизациялау, "жасыл" энергетикаға көшу мәселелері туралы айтты. Тайваньды Қытайға бейбіт түрде қосып алу жоспарының орындалуы барған сайын қиындаса да съезде компартия Тайвань тәуелсіздігіне қарсы тұру жөнінде шешім қабылдады. Си Цзиньпин баяндамасында Қытай Тайваньды бейбіт түрде қосып алуға ұмтылады, алайда қажет жағдайда күш қолдануға дайын деді.
