Әйелімнің атын Хадиша деп өзгертіп алдым
Ұялы телефоныма өз әйелімнің атын Хадиша деп жазып қойдым. Кім біледі, оған да бір себептер болған шығар. Өзіне бұл туралы айтпадым. Бір күні менің телефонымды алып қолданғысы келді. Қараса, бетінде бір күнде бірнеше рет телефон соққан Хадиша деген есім тұр. Түрі өзгеріп, өңі қашып, қаны қайнап жатқаны байқалады.
Ашуланып Хадишаның кім екенін сұрады. Мен болсам, абайсызда от тұтанып кетпесін деп жауап бермей тұрмын.
— Айтыңыз, кім ол Хадиша деген? Көзіме тура қарап айтыңыз!
— Оның өзінен сұра, маған не дейсің? — дедім.
— Сұраймын, қазыр-ақ сұраймын.
Жалма-жан қолындағы менің телефоныммен, Хадиша ханымға телефон соға бастады. Бірнеше сәттен кейін өзінің телефонына...
