ҰОС ардагерлеріне 9 мамырға орай жергілікті бюджеттерден біржолғы әлеуметтік көмек төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалғаны айтылды.
"Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 миллион теңге бөлінді. Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыстарда ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді", - делінген хабарламада.
Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 миллион теңге болады.
"Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленген: Ақмола облысында – 3 миллион теңге, Ақтөбе облысында – 2 миллион теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 миллион теңгеден алған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, үкімет мәліметінше, бүгінде республикада Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. ҰОС қатысушыларына әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленетіні айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
This new FPS is so good, it's almost unfair that it's free: A '1v1 me bro' simulator with 70 maps and no microtransactions that feels like the sickest Counter-Strike: Source mod of 2007
Disney Dreamlight Valley just announced its second DLC featuring 4 new characters, along with a free update coming in December
AMD's Dr. Lisa Su predicts AI GPU market will grow to $500 billion by 2028 or 'roughly equivalent to annual sales for the entire semiconductor industry in 2023'
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
В 2024 году 283,4 тысячи женщин и новорожденных Московского региона получили услуги по родовым сертификатам
Подписывайтесь на наши Telegram каналы!
Защитите свой автомобиль от зимнего гнева! Экспертный уход Aqua Complex – это просто
“Фанагория” получила специальный приз «Золотой Дионис» на Top100Wines 2024 за “ценность и достоинство вне времени”
Участники акции «Green Drive» этим летом собрали более 200 тонн мусора
“Фанагория” получила специальный приз «Золотой Дионис» на Top100Wines 2024 за “ценность и достоинство вне времени”
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
В 2024 году 283,4 тысячи женщин и новорожденных Московского региона получили услуги по родовым сертификатам