Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2024

Мас күйде көлік жүргізген: Өскеменде әйел қатаң жазаланды

0

Өскемен №2 сотында алкогольдік масаң күйде көлікті жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеген әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.

"Сот әйелді мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырған (ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі). Алайда, мұны анық біле тұра, 3 айдан кейін ол тағы да мас күйде көлік жүргізген. Сотталушының кінәсі оның мойындауы, масаң күйде болу дерегін тіркеген медициналық сараптаманың қорытындысы және басқа да материалдармен расталған", - делінген хабарламада.

Сот сотталушының көлік жүргізу ережелерін қайталап бұзғанын назарға алды.

"Сот әйелді 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады. Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігі негізінде кінәсін мойындау және асырауында екі жас баланың болуы ескеріліп, үкімнің орындалуы 3 жылға кейінге қалдырылды".

Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса