Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2024

ЕGov қосымшасында жаңа қызмет түрі пайда болды

0

Енді қазақстандықтар eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоя алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға сілтеме жасап.
Жаңа қызмет түрі компаниялардың жаңа жұмысшылары үшін қолжетімді.
Енді пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде емес, смартфонның көмегімен eGov mobile қосымшасы арқылы қол қоя алады.

"Жұмыс беруші enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электронды еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмысшыға келісуге жолдайды. Жұмысшы шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмысшы өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмысшы еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Жүйе enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электронды еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды", - деп жазылған хабарламада.

Жүйе қол қойылған электронды еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.
Сервис іске қосылған сәттен бастап қол қойылған электронды еңбек шарттарының саны 1000 болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Оже-Альяссим обратился к фанатам после снятия с турнира ATP-500 в Роттердаме






Оренбургская область получит от Москвы многомиллионный транш на выплаты пострадавшим от паводка

IT-лаборатория: Могилевское агентство регионального развития совместно с БРУ продолжает реализацию образовательного проекта

Жители Камчатки стали чаще выезжать в командировки

" В России есть вера": священник-ассириец из США переехал на Дон