Қытайда білім алғысы келетін қазақ жастары үшін үкіметтік грант саны артуы мүмкін
«Біз ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеміз. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне баса мән береді. Оған қытайдағы әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Аталған саладағы ынтымақтастықты одан ары дамытуға келістік. Қытай Төрағасының сапары аясында екі тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Біріншісі – Астана халықаралық университетінің жанынан Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ құрметті Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасын...