Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2024

"Бүкіл денесі көгерген". Түркістан облысында 19 жастағы қыз күйеу жігітінің көлігінен өлі табылды

0
Түркістан облысының Сайрам ауданында 19 жастағы қыз көліктен өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.
Сол сұрапыл күні қызды болашақ жары жұмыстан алып кеткен. Олар биыл үйленетін болған. Қыздың денесін туыстары көрші ауылдан тауып алған. Олардың айтуынша, бүкіл денесі көгерген. Жәбірленушінің үстіндегі кейбір киімі жоқ болған.

"Біз оны алты сағат бойы іздедік. Қоңырау барып тұрды, бірақ ол телефонды көтермеді. Ол уланған деген болжам бар. Біз үш сараптама жасаттық. Олардың екеуінде өлім көмірқышқыл газынан улану салдарынан болған. Үшінші сараптама қалаға жіберілді. Нәтижесі бір аптада дайын болуы керек", – дейді марқұмның әкесі Данияр Құрбаналиев.


"Бүкіл денесі көгерген. Оның қолында сынық, маңдайында құлаған із болды. Мұрны да сынған. Ерні жарылып, ауызы қанға толған. Оны зорламақ болған", - деді марқұмның туысы Малахат Құрбаналиева.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Тренер Абашкин заявил, что Соболенко удивила поражением в финале АО-2025






Конец оттепели: синоптики прогнозируют возвращение настоящей зимы

Каждую третью квартиру в сочинских новостройках купили москвичи

Задержаны три посредника в деле о взятке от экс-директора "Фонбет" в Подмосковье

Ефимов: под масштабные инвестпроекты в ТиНАО предоставлено почти 240 га земли