Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2024

Бассейн бе, субұрқақ па? Сот "Қазақстан" қонақүйі бойынша шешім шығарды

0

Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде Алматы қаласының танымал қонақүйін мәдени маңызы бар субұрқақты жаңғыртуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы қонақүйден нұсқаманы мәжбүрлі түрде орындауды талап етті.

"Алайда бұған қолжеткізе алмай, басқарма қонақүйдің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 17-бабы 1-тармағы4, 4-1, 6) тармақшаларын бұзғанын атап көрсетіп, Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қойды. ЖШС "Қазақстан" қонақүйіне іргелес аумақта субұрқақты жаңғыртуды жүзеге асырған болатын. Жұмыс жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз жүргізілген. Бірақ субұрқақты жоспарланған қайта жаңғыртудың орнына бассейн құрылысы басталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсат беру құжаттарынсыз жүргізілген. ЖШС субұрқақты өз бетінше жаңғырту жөнінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ.
Сонымен қатар, субұрқақ Алматының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген қонақүй ғимараты кіретін күзет аймағының аумағында орналасқан.

"Сот осы жағдайларды ескере отырып, қойылған талапты қанағаттандырды және тапсырыс берушіні басқарманың бұйрығын орындауға мәжбүрледі. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Зарина Дияс

Сенсацией обернулся матч Зарины Дияс за четвертьфинал турнира в Мумбаи






Приморский край вошёл в число лидеров по вводу энергоэффективного жилья

Следком проводит проверку по факту смертельного ДТП с автобусом в Смоленской области

Баку ждет от Москвы мер после закрытия Русского дома

Более пяти тысяч пассажиров воспользовались услугами аэропорта в Пскове в январе