Шын сүйіскендер
Eрте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, ел ханға қарағанда, хан елді алдағанда бір би болыпты. Ол бидің жалғыз баласы болыпты. Өзі ол замандағы оқуды тауысқан сондай сауатты және салауатты болыпты және қатарынан асқан сұлу жігіт болған. Баласы жиырмаға келген соң, оқуды бітіргеннен кейін би баласын шақырып алып:
— Балам, енді үйлен, мен қызығыңды көріп, немеремді сүйер ме екенмін, — дейді.
Онда баласы:
— Жарар, ата, өзіме ыңғайлы сұлу қыз болса, үйлену қиын емес қой, — деп жүре беріпті.
Атасы бірнеше қыздарды көрсетсе, оны бала жаратпай, алмаймын депті. Сонан кейін атасының көңілі қалып, баласына ашуланып халқын жинап алып:
— Халқым, мен баламнан...