Бұрынғы заманда бір саудагер өте дәулетті бір бай болыпты. Бұл саудегер байлықпенен дүниедегі не түрлі асылдарды, қайдағы адам таң қаларлықтай заттарды жинай беріпті. Бай айналасын кең, өзін биік қылғызып қорған жасаттырып, не түрлі адам көрмеген заттарды қорғанның ішіне жайып, жинап шәрі халқын шақырып қонақ қылып, жиналған дүние мүлік, асыл қазыналарын тамаша үшін халыққа көрсетіп: «Осы дүние жүзінде менде жоқ зат бар ма? Менде жоқ заттардан менде жоқ заттар болса айтыңыздар, мен оны тауып аламын», — деп сұрайды. Жиылған халық естіп көрмеген заттарды көріп қайран қалып, дүние жүзінде сізде жоқ асыл зат болмас десіп, мұндайда дүние мүлік жинаған адам болды екен-ау...