Мархума
Ерте заманда Араб елінде бір Жүніс деген кісінің Мархума деген өте сұлу әйелі болыпты. Әйелі ері Жүніс сияқты шыншыл, сопы, ғайбәт сөйлемейтін, намаз, оразасын тастамайтын өзінің ұстаған дініне мықты адам болыпты. Ері әйелінің жалған сөйлемейтініне, өз ерінен басқа адамға тура қарамайтынына әбден сенімді екен. Мархуманы бір көрген жігіттер ғашық болып, өзін әуре, сарсаңға салса да, Мархума бірінің бетіне қарап жауап бермеген соқ, ғашық болған жігіттер лажсыздан үмітсіз болып қойған екен. Бір күндерде ері Жүніс кажыға бармақшы болып, жолға ұстайтын ақшаларын дайындап алып, өзінің бір туысқан інісіне:
— Сен мына жеңгеңнің ақылынан шықпа, Мархума өте ақылды адам, қылдай қиянат, жалған сөзді...