Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2024

Резонанс тудырған видео: сот Шымкентте экс-әкімнің ағасын қамауға алу туралы шешім шығарды

0

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанұяны үйден шығару туралы атышулы істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Астана әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты іс қаралды. Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген.

"Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтірген. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады. ӘҚБтК-нің 73 - бабы 1-бөлігінің санкциясы ескертуді немесе 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

"Жоғарыда келтірілген мән-жайды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Дана Атешова 12 шілдеде бұрынғы күйеуі мен оның сенім білдірген адамдары оны үйден күштеп шығаруға тырысқанын хабарлады. Бұған дейін Атешова бұрынғы күйеуіне бірнеше рет шағымданған, ол Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы екенін айтады.
Кейін Астана полициясы бұрынғы жұбайының үстінен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, физикалық күш қолдану дерег3 бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Елена Рыбакина за час с лишним разобралась с соперницей






Атлет ПНИПУ стал победителем всероссийских соревнований «Звезды студенческого спорта»

Петербург оказался топ-направлением у россиян в новогодние праздники

Больше двух десятков сайтов благотворителей в России оказались фейком

Стрельба и девичья фамилия // Татьяна Бакальчук объединилась с Russ и развелась с мужем