Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2024

2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 26,5 млн болады

0

Шамамен 10,3 млрд адам. БҰҰ жаңа болжамы бойынша 2080 жылдардың ортасына қарай Жер халқының саны осынша болады. Ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 10,2 млрд-қа дейін төмендейді, делінген ұйымның жаңа баяндамасында.

Бірінші кредит бюросы БҰҰ баяндамасына талдау жасай отырып, кей мемлекеттерде халық саны 2024 жылға қарай ең жоғары деңгейге жеткенін, алайда осыдан бастап ондағы адам саны біртіндеп азаятынын айтады. Ондай елдердің ішінде мысалы, көршілеріміз Ресей мен Қытай бар.

Бұл үрдіс туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты. Көші-қонсыз халықтың тұрақты санын ұстап тұру үшін бір әйелге шаққандағы туу көрсеткіші 2,1-ден төмен болмауы керек, ал әлем елдері мен аймақтарының шамамен 20 пайызында бұл меже қазір — бір әйелге 1,4-тен төмен.

Дегенмен Қазақстанда дәл осы коэффициент қазір 3-ке жақын, ал болашақта халық саны тек көбейе береді.

БҰҰ медиандық бағалауы бойынша қазақстандықтардың саны 2050 жылға қарай — шамамен 26,5 млн, 2100 жылға қарай — 33,7 млн болады.

Қазір, 2024 жылы БҰҰ есептегендей, бізде өмір сүру ұзақтығы — 74,5 жыл, бұл жаһандық деңгейден жоғары (73,3 жас).

Жалпы, бұл көрсеткіш бізде де, әлемде де өсіп жатыр: мысалы 30 жыл бұрын ол — 64,1 жас, жаһандық деңгейде — 64,3 жас болатын.

Жасы келіп қартайып өмірден өтетіндердің саны көбейді.

1995 жылы дүние жүзіндегі өлім-жітімнің тек 17 пайызы 80 жастан асқан қарттарға тиесілі еді.

2024 жылы бұл үлес 29% жетті, ал 2050 жылдардың аяғында 50%-дан асады.

Сообщение 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 26,5 млн болады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Российский теннисист Медведев покинул топ-5 рейтинга ATP






Смерть двух фигуристов-чемпионов мира подтвердили в спортивном клубе Бостона

«Фонбет» подал иск на Анохина из-за дискредитации репутации на 100 миллионов

Нескольких заместителей экс-главы «Роснано» Чубайса задержали в Москве

Ольга Любимова рассказала о будущей работе с Саудовской Аравией