Қызметі қанша салқынқандылықты талап етсе де, полиция қатарында жомарттығы дархан даладай кең, жүрегі жұмсақ, мейірімді жандар баршылық. Жамбыл облысының Полиция департаментінде қауырт жұмысымен қатар, қайырымды іс жасауды өмір салтына айналдырған қызметкерлер тізімі жеткілікті.
Полиция капитаны Ғалым Арыстанбаев үш туған ұлымен бірге сегіз баланы бауырына басса, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова өзінің бес баласына қоса төрт ұл-қызды тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.
Жамбылдық сақшылардың жүректерді елжіреткен осы бір үлкен қадамға қалай барғаны жайында тоқталып өтсек…
Үш ұлының артынан тұлымы желбіреген қыз баласын армандаған Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалым Арыстанбаев пен жұбайы Әлия өздері жиі барып тұратын балалар үйіне кезекті рет ат басын бұрады. Бір үйдің адамдарындай тату-тәтті тұратын балалардың біреуін алып кетерде бір-бірін қимай, көздеріне жас толғанын көрген полицей, оларды айырмайық деген оймен сегіз бірдей баланы асырап алған.
Алғашында туыстары қатты таңғалып, кейбірі тіпті қарсы болыпты, бірақ қазір олар материалдық жағынан да, рухани тұрғыда да көмектерін аямайды.
Балалардың арасында әзірбайжан, өзбек, орыс, қытай ұлты бар болғанымен, олардың барлығы да қазақ тілінде сөйлеп, қазақ мектебінде білім алады. Жары Әлия педагог маманы, алайда үйде балалардың тәрбиесімен айналысады.
5 ұл мен 6 қыздан құралған 11 балалы Арыстанбаевтар отбасы ауызбіршіліктерінің арқасында облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы атанып, республикалық байқаудың финалистері болған. Сонымен қатар полиция инспекторы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатарына кірді.
Врач Жоголева: подушки нужно стирать раз в три месяца
Врач Романенко назвала артериальное давление важнейшим показателем здоровья
Более 1000 человек приняли участие в ежегодном благотворительном МедЗабеге
Департамент инвестиционной и промышленной политики города Москвы вместе с Минпромторгом РФ и АНО «Консорциум Медицинская техника» создадут медико-технический кластер в ОЭЗ Москвы
На вёслах сквозь века: из Дубны в Архангельск стартовала поморская экспедиция на ёле и карбасе
Заместитель прокурора Архангельской области и Ненецкого автономного округа Павел Матанцев и Уполномоченный по правам человека в Ненецком автономном округе Екатерина Жданова проведут личный приём жителей Ненецкого автономного округа
Боксеры из Архангельской области представили регион на первенстве СЗФО