1414-тен келген SMS: eGov қазақстандықтарға ескерту жасады
![1414-тен келген SMS: eGov қазақстандықтарға ескерту жасады](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/article_kk/2024/article_1232/thumb_b/photo_1348.jpeg)
Қызық әрі пайдалы мақала ✅ 1414-тен келген SMS: eGov қазақстандықтарға ескерту жасады ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.
Қазақстандықтардан 1414 нөмірінен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
eGov.kz мәліметінше, қаскүнем хабарламадағы кодты пайдаланып, цифрлық деректерге қолжеткізе алады.
"ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру арқылы оларға заңды қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауапты боласыз", - деп ескертілді қазақстандықтарға.
Деректерді қалай қорғауға болады:
1414 кодын үшінші тұлғаларға көрсетпеңіз;
ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілті болса, онда жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтаруды қадағалау қажет;
ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ берілуі қажет;
егер ЭЦҚ кілттері бар флэшканы жоғалтып алсаңыз, жоғалған ЭЦҚ кілттерін қайтарып алуыңыз керек;
Халыққа қызмет көрсету орталығында ЭЦҚ кілттерін алу кезінде парольді өзгертуді ұмытпаңыз;
Бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін ақылы түрде ашып беру қызметін қолданбаңыз.