Сұраубайдың өтірігі
Сұраубай деген адам Жайлаубай байдың үйіне сасып, кіріп келіп:
— Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, жаңа жолда отыз қасқыр кетіп барады, — депті. Бай абыржып, малға кісі жіберіпті.
— Ей, Сұраубай, жаным, анық айтшы қорқытпай, тіпті, отыз қасқыр сұмдық қой, мал түгіл адамды да жер, — деген. Сұраубай:
— Бай-еке, шынымды айтайын, көргенім — оны артық айтып едім, анығы, жиырма қасқыр еді, — депті.
Бай:
— Мұның да артықтау, тағы кесші, — деген сайын оннан, бестен кеміте келіп, «Атан түйедей бір қасқыр еді», — депті.
Бай: — Тіпті, қасқыр көргенің өтірік, — дегенде, «Енді бар шыным — тайлақ түйенің табанындай бір...