Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2024

Астанада адам өлтірді деген күдікті өзіне қол жұмсамақ болған

0

Астанада ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факт бойынша Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді.
Астана полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса