Білім беру қызметінің тағы бір түрі eGov порталына шығарылды
Құжат тапсыру кезінде порталды қолданушы оқу тілін жән өңірді таңдай алады. Порталда автоматты түрде абитуриенттің білімі, бағалары және оның сертификатының жалпы бағасы туралы ақпарат шығарылады. Азаматтардың жеңілдігі бар жекелеген санаттары үшін (І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, т.б.) жүйе оның мәртебесі туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
Сонымен қатар өтінімнің мәртебесін бақылап отыру және қажет болған жағдайда оны кері қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Атап өту керек, бір абитуриент...