«Бөбек» сауықтыру орталығы инклюзивті білім беру орталығына айналады
Көпшілік талқылауына шығарылған бұйрық жобасында мекеменің келешектегі ресми атауы «Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» болатыны айтылған.
«Оқу-ағарту министрлігінің бұл бастамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдады. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастыру ұсынылады. Ол орталыққа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және орталықта жұмыс...