Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2024

Ақтөбе облысында қайтыс болғандар да үй кезегінде тұрған

0

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында 36 мыңнан аса адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар. Алайда тізімнен қателер табылған.

"Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден аса азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс нәтижесінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды. Бұл деректер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Александр Бублик

Крик сына помешал Бублику. Казахский теннисист попросил семью покинуть трибуны






Четыре секрета успешного собеседования

Петербургские депутаты предложили распространить подарочные наборы для младенцев по всей России

МВД России запустило телеграм-бот для помощи жертвам мошенников

Техника спасения: пожарный пеноподъемник