Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2024

Қызылордада үйлердің қасбеті жаңартылуда

0

Қызылорда қаласындағы көп жылдан бері қалыптасқан ғимараттардың сыртқы қасбетін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сәулетшілер облыс орталығындағы ғимараттардың қасбеттерін біркелкілендіру, сондай-ақ, көшелердің сәулеті бірыңғай үлгіде тәртіптелу бағытында тиісті жұмыстар жасауда.Айта кету керек, өткен жылы Қызылорда қаласында 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті демеушілер есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл 100-ден аса үйдің қасбеті жаңартылуда.Бірқатар әлеуметтік, әкімшілік, қоғамдық нысандарға түнгі жарықтандыру орнатылды. Мұның барлығы қаланың сәулеттік келбетіне жаңа сән әрі әдемі түс беруде.

Ғимараттар мен құрылыстардың архитектуралық-көркемдік безендіру жүйесіне бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға қызылордалықтар ризашылықтарын білдіруде.
Алайда, кейбір тұрғындар арасында түсініспеушілік орын алғаны жасырын емес. Осыған орай, әкімдік мамандары мен сәулетшілер тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қасбеттерін қайта жаңғырту барысында қолданылып жатқан материалдардың барлығы жоғары сапалы және өңірдің табиғи ерекшелігіне төтеп бере алады. Бұған дейінгі осындай жұмыстар жүргізілген үйлердің тұрғындары түпкілікті нәтижесін көріп, түсіністік танытып жатыр.

Қазіргі таңда қала орталығында орналасқан 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері линеарлық панельмен қапталуда.
Сондай-ақ 77 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеттерін заманауи үлгіде әрлеу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Медведев проиграл 121-й ракетке мира на Australian Open






Türkiye Today: новые власти Сирии запретили ввоз товаров из РФ, Израиля и Ирана

"95% работы связано с прижизненной диагностикой": разбираем мифы и сложности работы вместе со специалистом из Сыктывкара

"Пришлось в Узбекистан вернуться. И кому я здесь нужен?" Мигрантов возмутил запрет на работу в России

"Клянусь своей мамой, закину, брат!"