Панчшанбе – Тәжікстандағы ең үлкен базар және Орталық Азиядағы ірі базарлардың бірі. Тарихы тым тереңде жатқан сауда орны қазір әлемнің әр түкпірінен келетін мыңдаған туристің назарын аударып тұр әрі Тәжікстандағы екінші үлкен қала Хожанттың ең көрнекі жері. Базар мен Сырдария біртұтас: мұнда сатылатын дүниенің бәрі осы өзеннің жағалауында өсірілген.