"Құс қанат ғұмыр" әңгіме
"Құс қанат ғұмыр" ✔️
- Жамила, тағы да көктегі қанатын кең жайған құстарды бақылап отырсың ба? Жылы жаққа қайтқанда да, жылы жақтан ұшып келгенде де, басыңды жоғары көтеріп, көзіңді шарықтан алмайсың. Саған осы құстар менен қатты ұнайды-ау деймін, - деп жігіт сәл жымиды.
- Иә, көкке де, құстарға да, олардың еркіндігіне де ғашықпын! – деп қыз ішкі сезімімен бөлісті.
- Еркіндік? Адамда да еркіндік бар емес пе? – деп жігіт таңғалды.
- Құстарға қарасам, Аллах оларға еркіндік берген екен. Адамда еркіндік бар, бірақ еркіндік деп нені танимыз. Көпке топырақ шашпайық, бірақ адамдар стереотиппен өмір сүреді. «Ұят болады, істеуге тыйым салынған,...