Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2024

ІІМ жол қозғалысы ережесін бұзғандардың видеосы үшін авторларды марапаттауды ұсынды

0

ІІМ қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқаны үшін азаматтарды көтермелеуді көздейтін "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" заң жобасын әзірледі. Азаматтар алғыс хаттар, грамоталар, ақшалай сыйлықтар және басқа да көтермелеу түрлерін ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғасының бейнежазбасын жіберген азаматтар заңбұзушыдан өндіріп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақы немесе қоғамдық көлікте тегін жүру немесе тегін тұрақ сияқты жергілікті атқарушы органдар беретін жеңілдіктерді ала алады. Еріктілер қайырымдылық ұйымын да ұсына алады, оған сыйақы беріледі.

Бейнежазба авторларына төленетін айыппұл пайызы жобада көрсетілмеген.

Бірнеше адам құқық бұзушылықты түсіріп алған жағдайда, белгіленген талаптарға сәйкес келетін бейнежазбаны бірінші болып жіберген адам сыйақы алады.

Құжат 8 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Определился соперник Андрея Рублёва во втором круге турнира ATP-500 в Роттердаме






Лихорадка и сепсис: пять женщин попали в больницу после процедуры ЭКО в Москве

Пожар на электрозаводе в Москве ликвидировали: что стало известно к этому часу

Пусть мяч всегда летит точно в цель. Ульяновец рассказал, что для него значит воллейбол

Компания Qatar Airways отменила значительную часть рейсов в Москву