Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2024

Қазақстанда “Криптон“ арнайы бөлімшесі құрылды

0

Қазақстанда цифрлық активтер саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы арнайы бөлімше құрылды. Бұл туралы Алматы Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Қаржы мониторингі агенттігінің құрылымында "Криптон" арнайы бөлімшесі құрылған. Ол цифрлық активтер саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреседі және криптовалютаны заңсыз пайдалану жағдайларын зерттейді.
Алматы ЭТД басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша, Алматыда құны 58,5 миллион доллардан асатын цифрлық активтерді айырбастауға қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр, 134 интернет-ресурс бұғатталған.

"Криптовалюта транзакциялардың қауіпсіздігі мен жасырын болуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Оны еркін айырбастауға, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, екінші деңгейдегі банктегі кез келген валюта шоты арқылы айырбастауға және қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ол пайдаланушылар арасында барған сайын танымал болып барады, сонымен қатар қылмыскерлердің назарын аударады, өйткені оны ақшаны жылыстату, терроризмді және басқа да қылмыстарды қаржыландыру сияқты заңсыз мақсаттарда пайдалануға болады", - деді Данияр Ақжанов брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Джокович не предоставил доказательств того, что его отравили в Австралии






Холодильник, диван и стол: неизвестный обчистил квартиру жительницы Петербурга

США отказали дипломатам РФ в поездке для участия в церемонии возложения венков

В мире: Россия возвращает Афганистан в Большую Евразию

След Победы — как советская легенда стала иномаркой