Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2024

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

0

Қазгидромет 18 қазан, жұмада Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 16-18 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың солтүстік-батысында 9 градус аяз, күндіз 8-13 градус жылы.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр.

Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, Алакөл ауданында секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының оңтүстігі мен батысында түнде жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігі мен шығысында кей жерлерде нөсер жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының батыс жартысында күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз орталықта, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

«Я не делала этого последние пять или шесть лет». Елена Рыбакина удивила откровенным признанием






Новые санкции США против РФ затронут свыше 200 компаний и физлиц

На 61-м году жизни умерла народная артистка России Евгения Добровольская

СМИ назвали причину смерти актрисы Евгении Добровольской

Риелтор Дягилева рассказала, как выбрать квартиру в аренду