Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2024

Қазақстандық жедел жәрдем шақырғаны үшін 80 мың төлейді

0

Ақтау тұрғыны жедел жәрдем бригадасын әзіл үшін шақырған. Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Маңғыстау облыстық Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.
Оқиға 14 қазанда болған. 103 пультіне Ақтау тұрғынынан дәрі-дәрмекті көп мөлшерде ішу туралы шақыру келіп түсті.

"Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын пранк үшін шақырғанын айтты", - деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру жалған болып тіркелді - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 438-бабына сәйкес. Осы бапқа сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде не аварияны, өрттерді, дүлей зілзалалардың зардаптарын жою кезеңінде жасалған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылады (2024 жылы 221 520 теңге).
Нәтижесінде арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін ер адамға 80 000 теңге айыппұл салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Камельзон: Медведев повзрослел, поумнел, побогаче стал






Телеканалу "ТВ Центр" грозит штраф до 4 млн рублей за пропаганду ЛГБТ

Нефтяной танкер имени Нурсултана Назарбаева попал под санкции США

Супруги из Подмосковья обманули маркетплейс и заработали 18 млн рублей

Синоптик Вильфанд рассказал, ждать ли морозы на Крещение в Москве