Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2024

Қарағанды ​​облысындағы шахтада төтенше жағдай: жұмысшы зардап шекті

0

Қарағанды ​​облысындағы "Саранская" шахтасында кен опырылып, кенші зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, шахта қызметкері басынан жарақат алған. Шахтаның медицина қызметкері жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетіп, кейін Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілген.

"Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Дәрежесі туралы қорытынды алғаннан кейін бұл жазатайым оқиға қолданыстағы еңбек заңнамасы шеңберінде тексеріледі. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін және ҚР Еңбек кодексінің 190-бабы 10-тармағына сәйкес осы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелері ҚР ҚІЖК-нің 156-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Саран полиция бөліміне жіберіледі", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жәбірленушінің жағдайы туралы түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бастапқыда медициналық мекемеге үш шахтер жүгінген. Олардың екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшіншісі ауруханада, жағдайы ауыр. Ол қажетті медициналық ем алып жатқаны айтылды.
Qarmet АҚ баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме беруге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

«Турнир Большого шлема покорится Андреевой и Шнайдер» — Вихлянцева






Время прийти в себя: что такое «период охлаждения» при получении кредита и зачем он нужен

Иностранный гражданин в Лобне задержан за жестокое обращение с малолетней дочерью

Собянин в шутку связал отсутствие снега в Москве с переездом Газпрома в Петербург

Сергей Собянин. Главное за день