ҰҚК: қос азаматтығы бар 7 қазақстандық ұсталды
2024 жылғы 14 мен 16 қазанында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұсталған адамдар одан әрі қарау үшін полиция органдарына берілді. Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады", - делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!