Алматы облысында екі балдық жер сілкінісі болды
"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан" деп жазылған ресми хабарламада. Жер сілкінісінің магнитудасы 4.8 деп айтылады.
Жерасты дүмпуі Алматы қаласында сезілмеген. Оны Алматы облысы Райымбек ауданындағы Нарынқол және Кеген ауыл тұрғындары сезген болуы мүмкін.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін айтты.