Ақбайпақ
Бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады.
Ойын ережесі
Жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді.
Сол сәтте ойыншы: — «Ақ иығымның үстіндегі кім?» — дейді.
Інген: — «Ақбайпақ!»
Ойыншы: — «Нең жоқ?»
Інген: — «Ботам жоқ».
Ойыншы: — «ботаң көлде бетін жуып жатыр». — орнынан тұрып 4-5 адымдай жерге барып келіп отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай: — «ботаң...