Еңбек нарығына жасанды интеллектінің ықпалы қалай болмақ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі еңбек нарығына жасанды интеллект қаншалықты әсер етіп жатқанын түсіндірді.
«Goldman Sachs-тің жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, АҚШ-тағы кәсіптердің шамамен үштен екісі жасанды интеллектпен ішінара автоматтандыруға ұшырайды. Жалпы алғанда, АҚШ-тағы қазіргі жұмыс міндеттерінің 25 пайызы жасанды интелект (ЖИ) арқылы автоматтандырылуы мүмкін, әсіресе әкімшілік (46%) және заңгерлік (44%) кәсіптерде. Ал құрылыс (6%) және жөндеу (4%) сияқты «қосалқы жұмыс» кәсіптерде - төмен деңгейде. Дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде жұмыс орындары автоматтандыруға азырақ ұшырайды, бірақ бүкіл әлем бойынша жұмыстың 18% (300 миллион жұмыс орнына тең) ЖИ көмегімен автоматтандырылуы ықтимал. Атап айтқанда, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бағалауы бойынша...