Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

ҰҚК бір сарбаздың көз жұмғанын хабарлады

0
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында бір сарбаз көз жұмғанын хабарлады. 


Ресми ақпарат бойынша, ҰҚК шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаментінде 7 қарашада бір сарбаз көз жұмған. 


"Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге суицид себеп. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады" деп жазылған ҰҚК хабарламасында. 


Марқұмның туысының Азаттыққа айтуынша, 18 жастағы сарбаз сегіз ай бұрын әскери борышын өтеуге кеткен. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы, отбасында бес баланың үшіншісі. 


Туысының айтуынша, әскерилер марқұмның жақындарына "сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болған" деп хабарлаған. "Өзіне қол салуы мүмкін емес" деді марқұмның туысы Азаттық тілшісіне.


Сарбаз 5 желтоқсанда 19 жасқа толған болар еді. 


Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген. Ресми ақпаратқа сәйкес, олардың өліміне көп жағдайда ауру, жол апаты мен суицид себеп болған.


Биыл әскердегі сарбаз өлімі жиілеген тұста ePetition.kz порталында міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция жарияланған. Қазақстанның қорғаныс министрлігі "бұл бастаманы елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру" деп атап, "елдің қорғаныс мәселесі петицияға негіз бола алмайды" деп мәлімдеген.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Российский теннисист Медведев опустился на одну позицию в рейтинге ATP






СберНПФ отчитался за ПДС. Россияне учатся копить вместе с государством

Часто уходящим на больничный россиянам могут ограничить выдачу листов нетрудоспособности

Швыдкой: Более 20 стран примут участие в «Интервидении»

Судьбу участка в Восточном Дегунино решит городской аукцион