Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

Апелляция соты Әйгерім Тілеужанға айыппұл салу туралы шешімді өзгертпеді

0
7 қарашада апелляция соты түрмедегі белсенді Әйгерім Тілеужанға айыппұл салу туралы шешімді өзгертпеді. Бұл жөнінде адвокат Айнара Айдархан Facebook-те хабарлады.


Биыл жазда белсенді Әйгерім Тілеужанның жазаның өтелмеген бөлігін жұмсақтау түріне алмастыру бойынша өтініш түсіруге мезгілі жақындағанда "аяқ астынан" оған айыппұл салынғаны белгілі болған еді. Айыппұл туралы қаулыда белсендінің "мекеме қызметкерлерінің талабына бағынбағаны" жазылған. Белсенді мен адвокаты сотқа шағым түсірген. 


"Республика" басылымына берген сұхбатында адвокат апелляциялық сот бірінші инстанциядағы шешімді өзгеріссіз қалдырып, сотқа тіпті Әйгерім Тілеужанның өзін қоспағанын айтты. 


"Тамыз айынан бері есептегенде енді Әйгерім жарты жыл бойы жазаның өтелмеген бөлігін жұмсақтау түріне алмастыру және шартты түрде мерзімінен ерте босап шығу бойынша өтініш түсіру мүмкіндігінен айырылды. Бірден түбірден кесті" деді адвокат. 


Журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанды былтыр шілдеде сот "Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деген айыппен 4 жылға түрмеге қамаған. Белсенді бұл айыпқа келіспейді. 


2023 жылы қарашада апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған.  Ал биыл шілдеде Жоғарғы сот Алматы әуежайын "басып алу" ісін қайта қарауға "негіз жоқ" деп шешті. 


Қазақстандық құқық қорғаушылар істің саясиланғанын айтып, Әйгерім Тілеужан және осы іс бойынша сотталған өзге белсенділерді "саяси тұтқын" деп таныған. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

На турнире в Марселе под флагом России оказались имена Медведева и Хачанова






Замглавы МИД РФ Рябков провел встречу с послом США Трейси

Вильфанд спрогнозировал похолодание в центре России 15 февраля

Ранняя весна в Москве: прогноз Гидрометцентра и воздействие снега

Сейсмологи Академгородка научились предугадывать появление трещин в зданиях и фундаментах