Солтүстік Қазақстан облысында биыл сепаратизмге қатысты 10 іс қаралған
"Олар "Чат рулетка" сайтындағы YouTube видеохостингі арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығына нұқсан келтіруді насихаттағанын жоққа шығарды" деп жазылған ресми хабарламада.
Прокуратура мәліметінше, сот кезінде олардың кінәсі Instagram және TikTok желілерінде жариялаған видеолары арқылы дәлелденген. Олар қауіпсіздігі орташа мекемелерде жазасын өтемек.
Биыл Солтүстік Қазақстан облыстық соты сепаратизм және "ұлтаралық алауыздық қоздыру" бабы бойынша 14 адамға қатысты 10 істі қараған.
Былтыр СҚО-ның жиырмаға жуық тұрғыны "өздерін СССР-дың мұрагері деп жариялап", "Петропавл еңбекшілерінің халықтық кеңесін" құруды жариялаған. Кейін Петропавл сотында сепаратизм айыбымен айыпталған "халық кеңесінің" мүшелеріне үкім шықты. Төрт айыпталушы жеті жылдан тоғыз жылға дейін сотталған.