Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

Изолятордан қашу оқиғасы: Талғарда салғырттық үшін кімдер жұмыстан шығарылды?

0
Талғар УҰИ бастығы мен жауапты қызметкері қамаудан қашқан күдіктіге байланысты ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауапта хабарлады.


"Талғар ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің салғырттығына байланысты Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР ҚК-ның 371-бабы ("Жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғаның немесе құқық қорғау не арнайы мемлекеттік орган басшысының қызметтегі әрекетсіздігі") бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Аталған қылмыстық іс аясында лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Сонымен қатар қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 12 қызметкерге қатаң тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылды. Оның ішінде УҰИ бастығы мен жауапты қызметкері теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", – деп хабарлады ҚР ІІМ редакцияның ресми сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бөлек, 21 қазанда қашу дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 426-бабы ("Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзеттен қашу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, 26 жастағы ер адам өзінің туған жиенін зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол әжесімен бір үйде тұрған жиенін зорлады деген айып тағылған. 21 қазанда күдікті Талғар қаласының уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Медведев проиграл Беллуччи во втором круге турнира в Роттердаме






Депутаты ЗС НО провели парламентский день на заводах в Навашине

Сетевой газ пришел на объекты Архангельского ЦБК

Samsung Galaxy S25 Ultra оказался популярнее предшественника в России

Туристический налог в 2025 году: как рассчитывается и кто должен его платить