“Енді өмір сүргім келеді“: жарық, газ, тамақсыз өмір сүрген зейнеткердің оқиғасы
Суық үйде және аш отырған қарт әйелдің хикаясы кең резонанс тудырды.
"Бізге жан-жақтан қоңыраулар түсе бастады. Валентина Петровнаның өмір сүруге құлшынысы оянды. Жиналған ақшаға, шамамен 70 мың теңгеге, электр энергияға жиналған қарызын өтедік. Мамандар жарықты істеп берді, енді үйі жап-жарық болып тұр. Электр шәйнек пен жылытқыш сыйланды. Қалалық BMW клубының автоәуесқойлары су сорғышқа бармас үшін азық-түлік пакеттері мен ауыз су жеткізді", - дейді ерікті Зәуреш Андақұлова.
Еріктінің айтуынша, көші-қон қызметі жоғалған құжаттарды қалпына келтіруді де бақылауға алған: "Көші-қон қызметінің қызметкері келді, кеше күні бойы өтініш толтырып, өмірбаянын жаздық".
Зейнетақы мәселесі де көтерілді. Валентина Петровна дүкенде тігінші-машинист, техник және сатушы болып жұмыс істеген жылдары айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Құжаттарын қалпына келтіріп үлгерсе, зейнетақы ала алады.
"Валентина Петровна 13 жылдай тігін фабрикасында жұмыс істеді, содан кейін "Хозмаг" дүкенінде шамамен 18 жыл жұмыс істеді, егер бәрі құжаттармен расталса, ол лайық зейнетақы алады, бірақ бұл біраз уақытты алады", - деді ерікті.
Фото: aktobetimes.kz
Бірақ газбен жылуды қосқанда біраз қиындық туған. Мамандар жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге үй иесінің өтінішінсіз рәсімді бастаудан бас тартады. Бірақ Валентина Петровнаның құжаттары жоқ. Төлқұжатты қалпына келтіру қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.
Соған қарамастан зейнеткер қуанышын жасырмайды.
"Маған көмектескен барлық адамға рақмет! Жарық қосылды, жылу бар, үй жылы. Маған бәрі қол ұшын беріп жатыр. Мен үнемі жалғыз болатынмын, отыра беретінмін. Жарықты төлеп берген адамдарға рақмет. Енді өмір сүргім келеді. Еріктілерге рақмет! Олар отбасын, бәрін қараусыз қалдырып, көмектесіп жатыр. Құжаттарды қайтерімді білмедім. Мектептен анықтама сұрады, мен оны қайдан аламын? Мектеп те, директор да жоқ қой. Алғысымды қалай жеткізерімді білмей тұрмын. Бәріңе денсаулық тілеймін. Қиын күндерде мені тастап кетпеген барша адамдарға рақмет. Мен асылып өлгім келген, өмір сүргім келмеді... Қазір көңіл күйім көтерілді, өмір сүргім келеді, мен жаспын, бәрін істегім келеді. Бәрі жақсарып келеді, өмір сүргім келеді, күлгім келеді!" - дейді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!