Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

БҚО-да балалар өрттен қашамыз деп төртінші қабаттағы терезеден секірген

0

Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
22 қарашада таңертең Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда №19 үйде өрт шыққан. БҚО ТЖД мәліметінше, 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метр болған. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, жетеуі - бала.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіргені көрінеді, ал төменде оларды адамдар қағып алған.
Екі бала да ауруханаға жеткізілді.
Өрт сағат 9:47-де ауыздықталды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайды. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай бақылауда екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса